27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Көрікті мешіт бой көтерді

Ел іші
Жарнама

Оңтүстік Қазақстан облысы, Кентау қаласында сән-салтанаты жарасқан жаңа мешіт ел игілігіне берілді. «Балаби қары» атауын алған мешіттің ашылу салтанатына бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысты, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Салтанатты жиын ҚМДБ наиб мүфтиі Серікбай қажы Сатыбалдыұлының қасиетті Құран Кәрімді тиләуат етуімен басталды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы аймақ тұрғындарын Кентау қаласының 60 жылдық мерекесімен құттықтап,  ізгі тілегін айтты.

«Құрметті ағайын! Біздер қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған бейбіт, тыныш заманда өмір сүріп отырмыз. Құлшылық жасауға барлық азамат құқылы. Бабаларымыз жасырын түрде  Жаратушыға жалбарынған кешегі атеистік дәуірді артқа тастап, имандылық жолын ұстануға толық мүмкіндік туған тәуелсіз елде күн кешудеміз. Біз бодандықтың қасіретін көрген елміз. Ал қазір, Құдайға шүкір, ешкім бізге неге намаз оқыдың, неге мешітке барып жүрсің демейді. Біз осындай бостандық заманның қадірін сезініп, Құдайға құл, адамға ұл болуды, имандылықты ту етуді мақсат тұтуымыз керек» деп, мешіт кітапханасына қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты.

Хасбеті  солтүстік батысқа қаратылған мешіт алдында темірден иілген оюлы қақпалар орнатылған. Қақпаның оң жағына мешіт әдебін сақтау туралы тақта жазылған. Мешіт алаңы 1,2 г/а шаршы метрді құрайды. Айналасы көгалдандырылған және шыршалармен көркейтілген. Мешіт бір қабатты,  биіктігі 4 метр, ені 12 метр, ұзындығы 24 метр,  көк түсті жеті мұнарасы мен күмбезі бар.

Ғимаратта дәрісханалар және намаз оқитын үлкен зал, сонымен қатар әйелдер намаз оқитын 70 адамдық арнайы бөлмесі бар. Үлкен құлшылық залының сыйымдылығы – 500 адам. Имам бөлмесі заманауи техникалық құралдармен жабдықталған. Кітапхана сөресі жамағатты исам нәрімен сусындатар кітап қоры қамтылған. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: