26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Нұр Мүбәрак» университеті мен медреселерді тәмамдап, Мысырдағы әйгілі «әл-Әзһар» университетіне оқуға түскен ұстаздардың алғашқы легін қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Енді елімізден дін білімін игеруге шетел асатын азаматтарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының рұқсатын алуы міндеттеледі. Бұл жайында бүгін шетелдік діни оқу орындарында оқып жатқан қазақстандық студенттердің діни білімі мен көзқарасын қадағалау мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында ҚМДБ наиб мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлы мәлім етті.

Бүгін Астана имамдарына арналған «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» атты семинары аясында Дін істері басқармасының басшысы Төлеген Закарьянов пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ортақ меморандумға қол қойды.

Тумысынан екі қолсыз дүниеге келген тараздық әйел жеке кәсібін ашып, талайды таңдай қақтырды. Екі қыз тәрбиелеп отырған Анар Бексұлтанова осы кәсібі арқылы өзге әйелдерге де жұмыс тауып берді. Сонымен қатар, сурет көрмесін де ұйымдастырып тұрады, деп жазады «Түркістан» басылымы.

Бүгін Астана қаласы әкімдігі Дін мәселелерін зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Зайырлы қоғам: мемлекеттік конфессиялық қатынастар» атты семинар өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Muslim.kz.

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданына қарасты Абай ауылында сәні-салтанаты жарасқан «Аманта» атындағы жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚМДБ ОҚО бойынша баспасөз қызметі.

Қазақстан Парижде орын алған бірқатар терактілерді қатаң сынайды және лаңкестіктің кез-келген көрінісіне жол берілмеуі тиіс деп мәлімдейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Алматыда Діни басқарма қызметкерлеріне арнайы жиналыс өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Алматыда қозғалыс кезінде бұзылған трамвай вагондары жол бойындағы бірнеше көліктерді, екі әйелді қағып, рельстен шығып кетті. Төтенше жағдай трамвай жүргізуші-әйелдің кінәсінен орын алған. Жүргізуші тоқтап қалған вагонды іске қосу үшін кабинасынан тежегішті іске қоспастан түсіп кеткен. Содан соң жолаушылардың бірінен тежегішті баса салуын сұраған. Ал жолаушы алжасып, тежегіш орнына қозғалтқышты қосып жібереді. Салдарынан жолаушылар нағыз қауіптің ішінде қалады. Себебі, жүргізуші кабинасы блокқа түсіп кеткен болатын.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, философия және тарих ғылымының докторы Өмірзақ Озғанбаевты қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.