27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти жаңа мешіттің ашылуына қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Оңтүстік Қазақстан облысы Төлеби ауданына қарасты Абай ауылында сәні-салтанаты жарасқан «Аманта» атындағы жаңа мешіт ашылды, деп хабарлайды ҚМДБ ОҚО бойынша баспасөз қызметі.

Салтанатты шараға  ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, қоғам қайраткері Асқар Құлыбаев, ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы Ахметжан қажы Керімбек және аймақ тұрғындары қатысты.

Шара шымылдығы  «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы - найб мүфти Серікбай қажы Ораздың қасиетті Құран аяттарын  оқып,  дұға бағыштауымен ашылды.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жиналған мұсылман жамағатын жаңа мешіттің ашылуымен құттытады. «Мешіт - елдің бірлігі мен ынтымағына, жастардың дұрыс тәлім-тәрбие алатын ошағына айналуы тиіс» - деп, мешіт кітапханасына қасиетті Кәләм шарифті сыйға етті.

Сондай-ақ, мешіттің ашылу салтанатына елімізге танымал әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев, ақын Балғымбек Имаш, «Қоңыр» тобы сынды өнер жұлдыздары қатысып, елді жанды әндерімен тәнтті етті.

Бір мезетте 400 адамның құлшылық қылуына лайықталған ғибадат үйі киелі Қазығұрт тауының етегінде, үлкен жолдың бойында орналасқан.


 

 

 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: