27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қазақстан Парижде орын алған бірқатар терактілерді қатаң сынайды

Ел іші
Жарнама

Қазақстан Парижде орын алған бірқатар терактілерді қатаң сынайды және лаңкестіктің кез-келген көрінісіне жол берілмеуі тиіс деп мәлімдейді. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Біз еш кіналары жоқ адамдардың қаза болуына байланысты француз халқына, қаза тапқандардың отбасы мен жақындарына кайғырып көңіл айтамыз және жарақаттанғандарға тезірек жазылып кетуді тілейміз.

Қазақстан БҰҰ аясындағы барлық халықаралық қауымдастықтың терроризм мен экстремизмге қарсы күреске күш-жігерін қолдайтынын мәлімдейді және барлық адамзаттың күшін біріктіре отырып қана бұл зұлымдықты жеңуге болатынына сенеді. Осы мақсатқа қол жеткізудің бірден-бір жолы БҰҰ шеңберінде ғаламдық лаңкестікке қарсы желі құру деп санаймыз» деп көрсетілген ҚР СІМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: