27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі өткен жылда қайырымдылық мақсатында атқарылған іс-шаралар қорытындысын жариялады.

Кеше Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының қатысуымен Діни басқарма бөлім басшылары мен дін қызметкерлерінің жиыны өтті. Бұл жайында ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қоғамның талқылауына түскен мектеп оқушыларының ерте жүктілікке тап болуы, жаңа туылған сәбиді тірідей далаға тастау оқиғаларына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Дархан» ықшам ауданында 500 орындық жаңа мешіт ашылды. Мешіттің ашылу салтанатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, Алатау ауданының әкімі Бағдат Мәнізоров, сондай-ақ, имамдар, медресе шәкірттері және жергілікті тұрғындар қатысты. Бұл туралы Muftyat.kz хабарлады.

Қазақстандағы бірқатар қоғамдық ұйымдар жас балаларды тасымалдаушы көліктегі жүргізушілердің темекі шегуіне тыйым салу бастамасын көтерді.

Бүгін «Нұр-Мүбарак»  Египет ислам мәдениеті университетінде  имамдардың білімін жетілдіру курсы өз жұмысын бастады. Аталмыш курста республика бойынша 90 имам діни білімін жетілдіретін болады. Бұл жайында аталған оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана төрінде «Дін – терроризмге қарсы» атты халықаралық конференция өтеді. Бұл жайында Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары съезі хатшылығының жетекшісі Қасым-Жомарт Тоқаевтың аталмыш шараны ұйымдастыруға байланысты дайындық мәселелері жөнінде жұмыс отырысында мәлім болды, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Невзат Ұянық мырзаны өз өтініші бойынша қабылдады, деп хабарлайды Muftyat.kz.

«Мешіт – бірлік пен ізгіліктің, имандылық пен бауырмашылдықтың рухани қайнар көзі. Мешіт – кез келген адамды тіліне, нәсіліне, ұлтына қарап бөлмей бастарын бір жерге тоғыстыратын рухани орталық» деді ҚМДБ төрғасы Ержан қажы Малғажыұлы Алматы өңіріндегі жаңа мешіттің ашылу рәсімінде. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметі хабарлады.

Санаулы күндерден кейін биылғы жылды да қорытындылап, өткен күндердің еншісіне жібергелі тұрмыз. Дегенмен, тәуелсіз қазақ елі бұл жылды да мол рухани жетістіктерімен қорытындылау үстінде. Аллаға шүкір, жыл ішінде жер-жерлерден менмұндалап зәулім мешіттер ашылып, бірінен соң бірі халық игілігіне табысталды. Жыл аяғы жақындаса да, міне, тағы бір жаңа мешіттің ашылуымен Алла үйінің қатары артты.