27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасы Ерджан қажы Малғажыұлының қатысуымен Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қоғамға бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне арналған қайырымдылық шарасы өтті, деп хабарлайды Muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобына жаңа қосылған дін мамандары сынақтан өтті, деп жазады Muftyat.kz.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Аттестация комиссиясы 2013-2016 жылдар аралығындағы республика бойынша барлық дін қызметкерлерін сараптаудан өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласы Алатау ауданында бой көтеретін 7 мың адамдық мешіт құрылысының жобасымен танысты, сондай-ақ қаладағы діни конфессия және шығармашыл зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 

10-11 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен республика бойынша 9 медреседе білім алып жатқан шәкірттер арасында олимпиада өтеді.

Астанада ақпан айының соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қызылорда өңіріндегі сапары барысында ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті жұма күні «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Сыр жамағатына уағыз айтты.

Сыр еліндегі сапарында ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы облыс, қала және аудан имамдарымен арнайы кездесу өткізді. Бұл туралы «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қызылорда өңіріне іс-сапармен келді, деп хабарлайды «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында  «Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру міндеттері мен технологиялары» тақырыбында республикалық семинар-тренинг басталды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өз қызметі аясында имам-молдалар мен жалпы дін қызметкерлері үшін 2016 жылды «Дін және тарих тағылымы» деп жариялады. Бұл туралы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада өткен жиналыста мәлімдеді, деп жазады Muftyat.kz.