10-11 наурыз күндері Алматы қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім және ғылым бөлімінің ұйымдастыруымен республика бойынша 9 медреседе білім алып жатқан шәкірттер арасында олимпиада өтеді.
Олимпиадының ережесі мен тәртібі туралы Астанада өткен жиналыста Діни білім және ғылым бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына мәлімдеді. Оның айтуынша, олимпиадаға 100-ге жуық шәкірт қатысады.
Жеңімпаз иелері бағалы сыйлықтармен, бас мүфтидің алғыс хатымен қаржылай марапатталады. Айта кетейік, медреселер арасындағы республикалық сайыс осымен Алматы қаласында екінші рет ұйымдастырылмақ.
ummet.kz-ақпарат