28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

ҚМДБ республикалық РАНТ конференциясын өткізеді

Ел іші
Жарнама

Астанада ақпан айының соңында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық-насихат тобының «Ислам және зайырлы қоғам» атты конференциясы өтеді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметі.

 Конференцияға бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, ҚМДБ қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, тарихшы-ғалымдар, белгілі дінтанушылар мен РАНТ өкілдері қатысады.

Жиын барысында наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, е ғалымдар мен дінтанушылар дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігі, сөйлеу өнері, уағыз айту әдебі, ақпарат құралдарымен жұмыс істеу тәсілдері, дін және салт-дәстүр, дін және тарих, т.б. тақырыптар төңірегінде дәріс оқып, ойларымен бөліседі.

Айта кетейік, құрамында 300-ге жуық дінтанушысы бар РАНТ мен ЖАНТ-тың (жергілікті ақпараттық-насихат топтары) жүйелі жұмыстарының нәтижесінде 2015 жылы барлық аймақта 41 517 кездесу өткізілді. Осы түсіндіру шараларына 1 648 163 адам қатысты.

РАНТ жетекшісі – ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Ершат Оңғаров. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: