Бүгін Алғыс айту күніне арналған салтанатты шарада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша халықты айтулы мерекемен құттықтады, деп хабарлайды E-islam.kz порталы.
Діни бірлестіктер басшыларының үндеуі
Биыл Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын атап өту шеңберінде 1 наурыз Қазақстан Республикасының Алғыс айту күні болып жарияланды. Бұл мейрам көпэтносты және көпконфессиялы Қазақстан халқы үшін терең тарихи және рухани мәнге ие.
Бүгін – Алғыс айту күні
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.
Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Конференцияның тақырыбы – тың, мазмұны – маңызды (ФОТО)
Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияның №2 секциясына (тақырыбы: «Ислам және тарих тағылымы») жетекшілік еткен наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.
Шәкірттер профессор дәрісін тыңдады (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басты мақсат-талабының бірі медресе шәкірттерінің шешендік өнерді меңгеріп, көркем сөйлеу өнерін үйренуі екені көпке мәлім. Бүгін осы мақсатта Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясының профессоры, ҚР Мәдениет қайраткері Мұрат Әбзелбаев елордадағы «Нұр Астана медресесі» шәкірттеріне арнайы тренинг өтті.
Республикалық конференция Үндеуі қабылданды (ФОТО)
Біз, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қызметкерлері, Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, өкіл имамдар, Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшелері Ислам мен зайырлы қоғамның өзара үйлесімділігін арттыру идеясын қолдаймыз.
Вице-министр: ҚМБД өз қызметі тарихында тың бастама көтеріп отыр
Зайырлы мемлекет үшін дінді ұстанатын-ұстанбайтынына қарамай, әрбір азаматтың орны ерекше. Өйткені Ата Заңымызда айшықталғандай мемлекетіміздің ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Ал, діндар қауым, соның ішінде мұсылман адам да зайырлы мемлекеттің толыққанды белсенді, зиялы азаматы бола алады. Бұл туралы бүгін Астанада өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияда Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілханов мәлім етті.
Имам – рухани тұлға, қоғамды тәрбиелеуші ұстаз – Ержан қажы Малғажыұлы
ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Астанада «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында өтіп жатқан конференция барысында осылай деді.
«Ислам және зайырлы қоғам» конференциясы басталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ақпараттық-ағарту жұмыстарын жандандыруға арналған «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференциясы басталды.
Елбасы аула сыпырушының хикаясын қазақстандықтарға үлгі етті
Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары мен қаланың даму мәселелеріне арналған жиын өткізді деп хабарлайды Қазақпарат.
ҚМДБ: «Ислам және зайырлы қоғам» конференциясы өтеді
2016 жылғы 24 ақпанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (РАНТ) мүшелеріне арналған «ИСЛАМ ЖӘНЕ ЗАЙЫРЛЫ ҚОҒАМ» атты республикалық конференция өтеді.