28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ: Конференцияның тақырыбы – тың, мазмұны – маңызды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Астанада «Бейбітшілік және келісім» сарайында өткен «Ислам және зайырлы қоғам» атты республикалық конференцияның №2 секциясына (тақырыбы: «Ислам және тарих тағылымы») жетекшілік еткен наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді.

«Бүгінгі конференциямыздың көтергені идеясы тың, мәні мен мазмұны айрықша. Өйткені, зиялы орта мен мұсылман жамағаты арасындағы үйлесімділікті орнықтыру – барша саланың тұлғаларына жүктелген міндет. Сондықтан бас мүфти бастаған Діни басқарманың ұйымдастыруымен өтіп жатқан конференция көпшілік үшін пайдалы болады деп сенемін» деді наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетейік, конференцияның «Ислам және тарих тағылымы» деп аталын екінші секциясында Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымының докторы Болат Көмеков (баяндама тақырыбы: «Ислам тарихнамасының мәліметтері бойынша дала өркениетінің көрінісі»), Л. Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі, профессор, тарих ғылымының докторы Әшірбек Муминов (баяндама тақырыбы: «Әбу Ханифа мәзһабы және дәстүрлі мұсылман қоғамы»), әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану кафедрасы иранистика бөлімінің меңгерушісі Төралі Қыдыр (баяндама тақырыбы: «Ортағасырлық түркі жазба ескерткіштерінің дәстүрлі Ислам танымын қалыптастырудағы маңызы мен ерекшелігі»), ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының бөлім басшысы, PhD докторанты Мұхан Исахан (баяндама тақырыбы: «Зайырлы мемлекет: теориясы мен тарихы және қазақстандық үлгісі») сынды ғалымдар баяндама жасады.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: