28
Сенбі,
Желтоқсан

һижри

Елбасы аула сыпырушының хикаясын қазақстандықтарға үлгі етті

Ел іші
Жарнама

Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда Универсиадаға дайындық жұмыстары мен қаланың даму мәселелеріне арналған жиын өткізді деп хабарлайды Қазақпарат.

Мемлекет басшысы білім мен жұмыспен қамту мәселесін талқылай келе аула сыпырушы туралы аңыз айтып берді.

«Үлкен банкте аула сыпырушы жұмыс істеген. Жұмыс беруші оның дипломы жоқ болғанын естіген соң, аула сыпырушыны жұмыстан қуып жібереді. Оқымаған, білімі жоқ жігіт өзі сияқты аула сыпырушыларды жинап, тазалықпен айналысатын компания құрады. Көп ұзамай істеген ісіне адалдығы үшін бұл компанияны барлығы құрметтей бастайды. Сөйтіп, оның бизнесі көркейеді. Қаланы тазалау бойынша көліктер сатып алады. Соңынан қоқыс өңдейтін зауыт ашты. Кейін банктегі ақшасын сақтауға қол қоюға шақырғанда, ол қағазға крес белгісін қояды. «Неге білім алмадыңыз?» деп сұраған кезде, егер дипломым болса, аула сыпырушы болып жүрер едім», - деді президент.

Мемлекет басшысының айтуынша, әр адам - өз өмірінің ұстасы.

«Мен нағыз кәсіп иелерін құрметтеймін. ШОБ бүгінде қанша адамды жұмыс орнымен қамтып отыр. Қалада әлі де жұмыс жасайтын сала көп. Ешқандай жұмыстан қашпау керек», - деді Елбасы.

 

 

Дереккөз: Nur.kz

Бөлісу: