27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мемлекеттік қызметкерлер діни курстан өтті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Бүгін «Нұр-Мүбарак»  университетінде  мемлекеттік қызметтегі дін  саласындажұмыс істейтін мамандардың біліктілігін арттыру курсын бітірген алғашқы топқа сертификат табыстау рәсімі өтті.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған курста үш облыстан келген 12 қызметкерге 96 сағат дәріс өтілді.

Екі апта діни курстан өткен мемлекеттік қызметкерлерге сертификат табыстау рәсіміне «Нұр-Мүбарак» университетінің ректоры доктор, профессор Ж.А.Басюни қатысып, тілектестік білдірді. «Қасиетті Құранда Алла Тағала иман  келтірген білім иелерінің дәрежесін арттырамыз деген. Сондықтан сіздер осы аз уақыт болса да алған білімдеріңізге сай әрекет жасап, елге қызмет етулеріңіз өте маңызды. Біздің ұстаздардан алған білім сіздерге  пайдалы болады деген үміттеміз әрі сіздерді біліктіліктеріңізді арттыруға жіберген мекемелеріңіз бен осындай мүмкіндікке жол ашқан елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайы алғыс білдіргім келеді» деді ректор.

Айта кетейік, мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру курсында белгілі дін ғалымдары мен теологтар дәріс оқыды. Бұл қатарда Ерсін Әміре, Алау Әділбаев, Ризабек Ілімбаев, Нұрлан Анарбаев, Сансызбай Шоқанов, Рахымжан Әкімбеков, Оралхан Сейдіманов, Жасұлан Жүсіпбеков, Асхар Акімханов, Саид Абдунаим, Қайрат Құрманбаев отандық және араб елінің ұстаздары болды.


 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: