27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Атырауда тұғырнама талқыланды

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының болашақтағы қызметінің бағдарламалық құжаты ретінде 2020 жылға дейінгі ҚМДБ-ның қызметін дамыту тұжырымдамасын қабылдау қоғам үшін өте ерекше оқиға. Осы құжат Діни басқарманың орталықтандырылған ұйымдастырушылық - басқару әлеуетін күшейтетін және қоғаммен қарым - қатынасын артыруға жағдай жасайтын бірден-бір құжат екені сөзсіз.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс бағыттары сан алуан. Әр түрлі діни бағыттағы өкілдермен жұмыс жасау мақсатында және өзіміздің Ханафи мәзхабы мен Әл-Мәтруди имамның діни көзқарасын насихаттап, оған халық арасындағы сенімді нығайту үшін жасақталған құжат. Сонымен бірге, ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен "Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы", "Шынайы мұсылманның тұлғалық бейнесі" сынды кітаптарда халыққа таратылған болатын. Сол тұғырнаманы талқылау мақсатында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы облысымыздың имамдарымен кездесіп, осы тұғырнама негізінде атқарылып жатырған жұмыстармен танысты. Сөз соңында наиб мүфти Өтпенов Наурызбай қажы Тағанұлы: "Бұл Отан ата-бабаларымыздан бізге қалған аманат. Осындай бейбіт елде өмір сүру бірінші Алланың, екінші Елбасымыздың көреген саясаты. Сондықтан да асыл дінімізді насихаттаудан еш шаршамайық. Әрдайым "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарайық!",-деп барлық имамдарды ауызбіршілікке шақырды.

 


 

 

 Muftyat.kz

Бөлісу: