27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Зейнеткерлерге тегін нан таратуда (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Атырау қаласының тұрғыны зейнеткерлердің тегін нан алуына демеушілік танытып отыр. Бұл жайында «Егемен Қазақстан» газеті хабарлады.

«Тұрғын үй қалашығы» деп аталатын шағын ауданында орналасқан дүкенде зейнеткерлерге тегін нан ұсынғанда баршасы таңданыс білдірген еді. Бірақ дүкен сатушылары бұл құпияның сырын ашты. Сатушылардың айтуынша, қала тұрғындарының бірі егде жастағы қариялар үшін алғашында күніне 2-3 бөлкеден беру жөнінде уағда жасалған. Сөйтіп, бір күнде 15 бөлке нанның ақшасын қала тұрғыны қалтасынан төлепті. Ол ісін одан әрі жалғастырып, зейнеткерлерге тегін берілетін нанның ақшасын өзі ұдайы төлеп тұрмақ.

«Дүкенде бір әжейдің нан алуға ақшасы жетпей қалғанын көрген кезде осындай ой келді. Қалтыраған қолымен қажетті соманы жеткізе алмай, күрсініп дүкен сөресінен бұрылып кетіп бара жатқанын көру ауыр тиді. Әрине, мен оған көмектестім, мұны үлкен жетістік деп есептемеймін. Бірақ осындай қариялар қазір көп. Жаңа жылдан кейін нанның бағасы 80-ге көтерілген кезде одан сайын көбейеді деген ой мықтап орнығып алды» депті журналистерге аты-жөнін атамауды өтінген мейірімді жан.

Қазір аталған дүкеннен тегін нан алуға өтініш білдірген зейнеткерлер қатары да, тегін берілетін нан бөлкелері де молая түсті. Дүкенде нанның зейнеткерлерге және интернат тәрбиеленушілеріне тегін берілетіні туралы хабарлама ілінген. Қиналған жандарға мейірімділік танытқан қыздың бұл бастамасы замандастары тарапынан қолдауға ие болуда.


ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: