27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бас мүфти көрнекті жазушы Әбіш Кекілбайдың қазасына байланысты көңіл айтты

Ел іші
Жарнама

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы халқымыздың дарынды жазушысы, ірі қоғам қайраткері, бірегей тұлға, дініміздің, тіліміздің жанашыры Әбіш Кекілбайдың қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына, қазақ руханиятының жанашырларына көңіл айтты.

«Ол – қазақ руханиятының жанашыры еді. Жазушының артында қалған тәлім мен тәрбиеге толы толассыз еңбегі, рухани туындылары халқымызбен бірге жасасып, жастарды ізгілікке үндей береді.

Марқұмның жаны жәннатта болғай! Жаратушы Иеміз алдынан жарылқасын! Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей!» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында. 

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Бөлісу: