26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Аллаға деген махаббат ауызбірліктің кілті

Аллаға деген махаббат ауызбірліктің кілті

Мешіт тынысы
Жарнама

8 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Бүгін «Нұр Астана» мешітінде «Аллаға деген махаббат» тақырыбында уағыз айтылды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Қалыптасқан үрдіс бойынша әр сенбі құптан намазынан кейін «Нұр Астана» мешітінде жиналған жамағатқа дастархан жайылып, уағыз айтылады. Бүгінгі кештің уағызын жүргізген наиб имам Әділхан Серікбай «Аллаға деген махаббат» тақырыбында тарқатып айтып берді.

«Адамды екі дүниеде де ең жоғары дәрежеге жетелейтін Аллаға деген махаббат иман еткен қауым үшін ең ізгі сезім. Олай болса, бір Аллаға иман келтіріп, Оның сүйіспеншілігіне бөленгісі келген халықтың өзара әртүрлі ағымдарға немесе тағы басқа топтарға бөлінуі орынсыз. Аллаға деген махаббат арқылы мұсылман қауым бірлік пен ынтымаққа қол жеткізе алады», - деді наиб имам.

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

1

Бөлісу: