25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Елорда бас имамы марапатталды

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін, «Нұр Астана» орталық мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мемлекеттік конфессияаралық қатынастарды нығайтуға, Елорда мәдениетінің дамуына, халық арасында дін мен дәстүрді насихаттауға арналған ауқымды рухани-ағартушылық шаралардың ұйымдастырылуына қосқан үлесі үшін  Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековтің Алғыс хатымен марапаттады. 

 Алғыс хатты Астана қаласындағы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Жорабек Дәуренов мешіт ұжымының алдында салтанатты түрде табыс етті. Сонымен қатар Жорабек Әбдімәжітұлы Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлына имандылық жолындағы қызметіне сәттілік тіледі.

Бас имам Наурызбай қажы: «Астана қаласы әкімінің біздің ел игілігі үшін атқарып жатқан қызметтерімізді ескеріп, алғыс хатпен марапаттағанына ризашылығымызды білдіреміз. Алла разы болсын! Біз осындай қолдаудың арқасында елордадағы діни тұрақтылықты арттырып, халықты дұрыс діни ақпараттандыруға бар күш-жігерімізді сарып етіп келеміз. Бүгінгі алғыс хат тек мен үшін емес, барша мешіт ұжымына көрсетілген құрмет пен ілтипат деп білемін. Өйткені, жүзеге асырылып жатқан әрбір жоба мен іс-шаралардың жоғары деңгейде ұйымдастырылуына ұжымдағы әрбір қызметкердің үлесі бар. Сондықтан бұл баршамызға берілген баға», - деп, алғысын білдірді.

Біз де өз кезегінде ұжым атынан Бас имам Наурызбай қажы Тағанұлын бүгінгі марапатымен шын жүректен құттықтаймыз! Алла Тағала дін жолындағы қызметін әрдайым жемісті етіп, дәстүрлі Ислам дінінің кең етек жаюына үлес қоса беруін нәсіп етсін деп тілейміз!

«Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

Бөлісу: