26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қайырымдылық акциясы жалғасуда (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Астана қаласының мешіттері жылдағы үрдіс бойынша биылғы ұлық мереке күндер ішінде «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясын өткізуде. Аталған қайырымдылық шара айттың алғашқы күні қала іргесіндегі «Алтын таға» мал базарында ұйымдастырылды.

Қайырымдылық шараға қатысқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы құрбан шалушыларды мерекемен құттықтады. Акцияға ниет білдірген жамағатпен бірге мерекелік дастарханда болып, құрбан айттың қадір-қасиеті жайлы уағыз айтты. Сондай-ақ, діни басқарма ұсынысына қолдау көрсетіп, мал бағасын тұрақты ұстаған «Алтын таға» базарының бастығы Айдар Сағадиұлына өз алғысын білдіріп, марапат қағазын табыстады.

Бір кісіден жеті кісіге дейін ірі қара малды бірігіп шалу шарасына қатысқан қала тұрғындары құрбан еттерімен қайырымдылыққа үлес қосты. Айта кетейік, «Нұр Астана» орталық мешітінің бастамасымен айттың бірінші күні 26 сиыр және жүздеген қой құрбандыққа шалынды. Жиналған құрбан еттері қоғамдағы мұқтаж жандарға, жекелеген отбасыларға және тағы басқа көмек қажет еткен мекемелерге үлестірілді.

Атап айтсақ, Қазақ саңыраулар қоғамына, «Айша» қоғамдық қорына, Ардагерлер ұйымына, Мүгедектер қоғамына, «Балам-ай» қоғамдық қорына, Жалғызбасты қарттарға, көп балалы отбасыларға, әлеуметтік тұрмысы аз қамтылған жанұяларға сиыр-қой еттері таратылды. Сонымен қатар, «Алтын таға» мал базарында «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйытқы болуымен «Раббың үшін құрбан шал!» акциясының аясында 46 ірі қара құрбандыққа шалынды. 

Мұнымен қоса «Раббың үшін құрбан шал!» қайырымдылық акциясы аясында қала мешіттері құрбан еттерімен қатар, мұқтаж жандарға азық-түлік арқылы жәрдем көрсету үстінде. Қайырымдылық шара құрбан айттың соңғы күніне дейін жалғасымын табатын болады.


 

 

 

 «Нұр Астана» орталық

мешітінің баспасөз қызметі

 

Бөлісу: