Ұлық мереке – Құрбан айт мейрамы күн санап жақындап келеді. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің ең ұлық ғибадаты ол – құрбандық шалу. Әрбір шамасы жеткен мұсылман баласы құрбандық шалып, Алла алдындағы міндетін іске асырады. Ең басты құрбан шалатын кісі құрбандықтың шариғаттағы үкімін жақсы білгені дұрыс болады.
Осы мақсатта «Нұр Астана» орталық мешіті құрбандық шалу рәсіміне қатысты қазақ және орыс тілдерінде 10 000 дана түсіндірме-ақпараттық үнпарағы шығарылып, жұма күніне келген халыққа таратылды. Осындай іс-шаралар қала мешіттерінде де жалғасын тапты.
Айта кетейік, аталған үнпарақта құрбан шалудың шариғи үкімдері, Астана мешіттерінің атсалысуымен өтетін «Раббың үшін Құрбан шал!» қайырымдылық шарасы және құрбан шалушылар үшін Астана қаласы әкімдігі бекіткен арнайы мал сойылатын орындар мен мекенжайлар қамтылған.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
Бөлісу: