25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Бөлім меңгерушісі мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Бөлім меңгерушісі мешіт жамағатына жұма уағызын айтты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің жамағатына жұма уағызын айтты.

«Алланың разылығын қалай табамыз?» тақырыбындағы жұма уағызында мұсылман адамның бұл дүниедегі әрбір ісін, айтатын сөзін, құлшылығын Алланың разылығы үшін жасайтындығы, барлық пайғамбарлардың ғибратты ғұмыры Алла Тағаланың разылығын табу үшін өткендігі жайлы айтылды.

Уағыз барысында Батыржан Берденұлы әр мұсылманның Алла Тағаланың разылығына бөлену үшін бірқатар ізгі амалдарды жасауы қажет екенін атап өтті. Оның ішінде ата-ананың разылығын алып, нығметтерге шүкірлік еткен, намазды уақытында оқып, тазалық мәселесіне ден қойған мұсылман Жаратушының разылығына бөленетіндігін сүйіншіледі. Қасиетті Құран аяттарынан, ғибратты қиссалардан көркем мысалдарды тілге тиек етіп, жамағатты әрбір істе Алланың разылығын бірінші орынға қойып, шынайы ықыласты болуға шақырды.

Бөлім меңгерушісі насихат соңында мешіт жамағатымен бірге еліміздің береке-бірлігі үшін, халқымыздың амандығы үшін арнайы дұға жасады.

030323 Juma 2

030323 Juma 3

030323 Juma 4

030323 Juma 5

030323 Juma 6

030323 Juma 7

030323 Juma 8

030323 Juma 9

030323 Juma 10

ummet.kz

Бөлісу: