25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Наиб мүфти «Аманатқа берік болу» тақырыбында көркем уағыз айтты (фото)

Наиб мүфти «Аманатқа берік болу» тақырыбында көркем уағыз айты (фото)

Мешіт тынысы
Жарнама

Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы жамағатпен жұма намазын оқып, уағыз, насихат айтты.

Наиб мүфти жамағатқа «Аманатқа берік болу» тақырыбында көркем уағыз айтып, ислам тарихынан ғибратты оқиғалар, Құран Кәрімдегі аманат жайлы аяттардан мысалдар келтірді.

Сансызбай Құрбанұлы Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Өзіңе қалағанды өзгеге тілемейінше кәміл мұсылман болмайсың», – деген өнегесін айта келе, аманатшылдық мұсылманның асыл қасиеті екенін, онсыз әр мұсылманның иманы толық болмайтынын баяндады.

Әзиз Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аманатқа қиянатшылдың иманы – жоқ. Серттен тайғанның – діні жоқ», – деген өсиетін тілге тиек етті.

Сондай-ақ, уағыз барысында Ислам дініндегі аманаттың бірнеше түрін, оның ішінде жанымыз бен тәніміздің, отанымыз бен отбасымыздың, жастық шағымыз бен денсаулығымыздың барлық мұсылманға аманат екенін атап өтті.

091222 Juma 2

091222 Juma 3

091222 Juma 4

091222 Juma 5

091222 Juma 6

ummet.kz

Бөлісу: