«Әбу Насыр әл-Фараби» қаламыздағы мұқтаж бес отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Әр отбасына 2 тонна көмірден үлестірілді.
Әдеттегідей «Сауап» белсенділер тобының атсалысуымен өткен қайырлы істе әлеуметтік жағдайы төмен бес отбасы игі бастаманың жылулығын сезінді. Мешіт ұжымы үшін көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсету дәстүрге айналды. Көмекке мұқтаж қала тұрғындарына қол ұшын беру мақсатында өткен қайырымды істің бұл басы емес. Бұған дейін де мешіт ұжымы «Сауап» белсенділер тобының мұрындық болуымен талай жанның алғысын алып келеді. Көмек алған отбасылар салқын күндері жандарынан табылып, қайырымдылық жасаған мешіт ұжымына, жомарт азаматтарға алғыс айтып, отбасыларына амандық тіледі.
ummet.kz