Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітіне арнай келіп, жұмаға жиналған жамағатпен жүздесті.
Бас мүфти мұсылман жыл санауының алғашқы айы болып табылатын Мұхаррам айының қадір-қасиетіне тоқталып, қасиетті айда жамағатпен бірге дұға тілеп, қол жайды. Хақ Тағаладан жасаған ғибадаттарымыздың, ізгі істеріміздің қабыл алуын, осы жылдың еліміз, халқымыз үшін хайырлы, берекелі жыл болуын, бүкіл мұсылман үмметінің ынтымақ, бірлігін сұрап, дұға жасады.
ummet.kz