Бүгін «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінің ұжымы 20 отбасыға азық-түлік себеттерін табыстады.
Әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созуға әркез дайын «Сауап» белсенділер тобы бұл жолы да жомарттық танытып, атсалысты. Ай сайын, апта сайын қала тұрғындарына қуаныш сыйлап келе жатқан «Сауап» белсенділер тобы ылғи да сауабы мол шараның басы-қасында жүреді.
Көмек алған отбасылар әлеуметтік жағдайларын ескеріп, көмек көрсеткендері үшін мешіт әкімшілігі мен демеуші азаматтарға алғыстарын білдірді.
ummet.kz