25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Кент мешіті қайырымдылық жасады (ФОТО)

Мешіт тынысы
Жарнама

Ислам – бейбітшілік пен мейірім тұнған дін. «Өзіңе қалағанды өзгеге де тіле» қағидасына берік мұсылман үмметі пайғамбар өсиетін қай заманда да жадында ұстайды.

Осыған орай мұқтаж жандарға қол ұшын беріп, қайырымдылық жасауға шақырған бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы үндеуіне елорда мешіттері де мүмкіндігінше үн қосуда. Бұл ретте Астана іргесіндегі Теміржолшылар кентінде орналасқан «әс-Сәлам» мешітінде тұрмыс-ахуалы төмен, көпбалалы 20 отбасыға азық-түлік үлестірілді.

Бас имам Нұрбол Әбсаттарұлы «Жалпы, халқымыз қай заманда да көршісі аш отырып, өзі түтін түтетіп, қазан көтермеген ел ғой. Әрі мұсылмандығымыз болса, әрі қазақы қалып-қасиетіміз де осында. Мешітіміздің атынан қал-қадарымыздың жеткенінше мұқтаж жандардың жанына демеу бола білсек деген ой ғана» дейді бас имам.


ummet.kz-ақпарат

 

 

Бөлісу: