26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пітір садақасын KASPI.KZ мобильді қосымшасы арқылы қалай аударамыз?

Мешіт тынысы
Жарнама

20 сәуір. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Каспи банк басшылығы арасында жасалған келісімге сәйкес пітір садақасы мен зекетті kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы аударуға болады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

Карантин жағдайына байланысты мұсылман қауымға Рамазан айындағы пітір садақасы мен зекетін үйден шықпай өтеуге ыңғайлы жолдарын қарастырған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы әрбір облыстағы өкілдіктер мен республикалық маңызы бар мешіттердің атына тікелей аударуға мүмкіндік жасады. 

Енді KASPI.KZ мобильдік қосымша арқылы пітір садақасын аудару үшін «Төлемдер» (Платежи) бөлімін ашасыз, «Барлығы» (Все) деген тізімнен «Басқалары»-н (Другое) таңдайсыз. Ашылған беттің басында тұрған «Қайырымдылық»-тың (Благотворительность) үстіне басып, «Пітір садақа»  жазуын таңдайсыз.

Әрі қарай «Аймақты таңдаңыз» (Выберите регион) деген жерден Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Астана» мешітін немесе өзіңіз тұратын аймақтағы мешітті таңдайсыз.

Kaspi.kz

Бөлісу: