Түркістан облысы, Арыс қаласының тумасы, кәсіпкер Бауыржан Сарықұлов «Әл-Хақ» мешітінің имамына баспана тарту етті.
Ербол Жұмабеков 11 жылдан бері әр пәтерді бір жалдап жүрген еді. Оған ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының «Ел үлесі – пәтерге» акциясымен 382-үй берілді.
Төрт бөлмелі үйге еурожөндеу жұмыстары жүргізілген. Қоныс иесіне үй құжаттары мен кілті табысталды. Қала имамы Қажымұқан Қазыбаев кәсіпкер Бауыржан Абылайұлына ризашылығын білдірді.