Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен ҚМДБ-ның Шымкент қалалық өкілдігінде қасиетті айда «Рамазан қоржыны» және «Ауызашар себеті» қайырымдылық шаралары тұрақты ұйымдастырылып келеді.
Шымкент қаласындағы «Шейх Мұхаммед Садық» мешітінің бас имамы Бекайдар қажы Әміренің тікелей ұйытқы болуымен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бүгінге дейін ораза тұтқан азаматтарға ауызашар себеті таратылып келеді. Жалпы 4000 адамға ауызашар себеті үлестірілді.
Осы шараға қаржылай қолдау көрсеткен азаматтарға Алла Тағала разы болсын!