25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Арапа оразасы екі жылдық күнәлардың өтеуі

Арапа оразасы екі жылдық күнәлардың өтеуі

Құрбан Айт
Жарнама

Ақшам намазының кіруімен, Зулхиджа айының тоғызы – Арапа күніне жақындап келеміз.

Осы орайда Арапа күнінің артықшылығы мен бұл күні атқару абзал салынған амалдар туралы алты мәліметті бөліспекшіміз.

 

Арапа – жылдың ең таңдаулы күндерінің бірі ⠀

Әнәс ибн Мәлік (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте: "Арафа (күнінің) артықшылығы он мың күннің орнына татиды» (әт-Тарғиб, 2/200; Ләтәифул-Мағариф, 460).⠀

 

Арапа оразасы екі жылдық күнәлардың өтеуі ⠀

«Арапа күнгі ораза үшін өткен жылғы және келер жылғы (екі жылдық кіші) күнәларын кешіруді Алладан үмітпен тілеймін...» (Имам Мүслім, Абу Дауд, 2425; Насаи, 2384). ⠀

 

Ең абзал дұға – арапа күнінде

Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһума) жеткізген хадисте: «Ең жақсы дұға – бұл Арапа күнгі дұға, ал мен және (маған дейінгі) пайғамбарлар Арапа күні айтқан ең жақсы дұға: «Жалғыз, серігі жоқ Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір құдай жоқ! Бүкіл билік және мақтау Оған тән, әрі Ол бүкіл болмыс үстінен құдіретті», - деген (Тирмизи, 534/5, 3585).

Арафа күні айтылатын дұға: Лә иләһа иллә-Ллаһ, уахдаһу лә шәрика ләһ, ләһул-мулку уа ләһул-хамд, уа һууа ‘алә кулли шәй-ин қадир. ⠀

 

Тозақтан адамдар босатылатын күн

Айша (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің былай дегенін баяндаған: «Алла Өзінің көп құлдарын Тозақ отынан босататын Арапа күніндей басқа күн жоқ. Ақиқатында, Ол (оларға) жақындайды, ал содан соң періштелердің алдында: «Олар нені қалайды?» деп мақтанады». (Муслим, 1348) ⠀

 

Шайтанның қорланатын күні

Алла Елшісі айтады: «Шайтан Арапа күнінен басқа күндерде мұншалықты қорланған, жәбірленген, әлсіз, өшпенді күйде көрінбейді.» (Муатта, қажылық 1/422; ибн Мәжә, 3013). ⠀

 

Кешірім күні

Алла Елшісі айтады: "Бұл күні өзінің қос құлағы, көзі не тілімен де харамға қол салмаған адамның күнә-кемшіліктері кешіріледі» (Муснад Ахмад сенімді тізбекпен; Мәжма’уз Зәуәйд, 3/251).

материал «Ораза энциклопедиясы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: