25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құрбан намазын кешіктірмеу – сүннет

Құрбан Айт
Жарнама

Мәдинадағы бір ансар-сахаба Исламнан бұрын тойлайтын екі күннің болғаны туралы Пайғамбарымызға (с.ғ.с) айтқанда, ол:

«Алла сол екі күннің орнына сендерге олардан әлдеқайда жақсысын берген. Біреуі – Құрбан айт, екіншісі – Рамазан айт», – дейді. Алла Елшісі (с.ғ.с) екі айт намазын оқығаны жайлы хабар «тәуатүр» (бұлтартпас, анық) жолмен бізге жеткен. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) алғашқы оқыған айт намазы – һижреттің екінші жылындағы Рамазан айт намазы.

Бұны ибн Аббас айтады: «Алла Елшісі (с.а.у.) Әбу Бәкір, Омарлармен бірге Рамазан айт намаздарына қатыстым. Барлығы да айт намазын хұтпадан бұрын оқыды». Басқа бір хабарда ибн Аббас: «Алла Елшісі айт намаздарын азансыз, қаматсыз оқыды», – деп риуаят еткен.

Айт күнгі сүннет амалдар: 

1. Құрбан намазын кешіктірмей, ал, Рамазан айт намазын аздап кешіктіру – сүннет. Рамазан айтта айт намазынан бұрын құрма секілді бір нәрсе жеу, Құрбан айтында болса, айт намазы оқылмай тұрып ештеңе жемеу – мұстахап. Бурәйда (р.а.) былай дейді; «Алла Елшісі (с.ғ.с) Рамазан айтында дәм татпай үйден шықпайтын. Ал құрбан айтында намаз оқығанға дейін еш нәрсе жемейтін».

2. Ғұсыл алу.

3. Тісін тазалау.

4. Ең әдемі киімдерді кию.

5. Хош иісті иіссулар себіну (ер кісілерге қатысты)

6. Туыстарының, көршілерінің үйіне айттау.

7. Садақа беру

8. Айт намазына барарда бір жолмен, қайтарда басқа жолмен қайту мұстахаб іс.

дереккөз: fatua.kz

Бөлісу: