25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жеті түрлі әйел затын жар қылып алма

Жеті түрлі әйел затын жар қылып алма

Исламдағы отбасы
Жарнама

Ескілікті дін ғалымдардың жазып қалдырған еңбектерінде мынадай жеті әйел кісіні жар етіп алмаған абзал деп келтірген. Олар:

1) Әл-Хәннәна. Бұрынғы күйеуін аңсап тұрушы әйел (немесе бұрынғы некеден болған баласына көп көңіл аударып, екінші күйеуін ұмыт қалдыру, не болмаса, өзге еркекке көз тігетін, өзгені өз күйеуінен артық санау деп те түсінуге болады).

2) Әл-Мәннәнә. Істеген істерін күйеуіне міндетсініп тұратын әйел.

Әл-Әннәнә. Зарлауық, шағымшыл. Мысалы, ана жерім ауырады, мына жерім ауырады, анау жаман, мынау жаман деп күйеуінің миын жей беретін әйел кісі.

4) Әл-Хәддәқа. Көрсеқызар. Әр нәрсеге қызығып, сондай нәрсені алып бер деп күйеуінің миын жеуші.

5) Әл-Баррақа. Сылқым, сәнқой. Бүкіл уақытын бет жүзін әдемілеуге, сыланып-сипануға жұмсайтын әйел кісі. (Немесе дастархан басында ашуланып, өзі жалғыз ас ішкенді ұнататын әйел кісі деп те анықтама беретіндер бар).

6) Әш-Шәддақа. Көп сөйлейтін, аузы жабылмай артық сөздер сөйлейтін әйел. (Бұл сөздің «салдақы» сөзіне қатысы жоқ).

7) Салақ. Үйі сасып-бықсып жататын, балалары кір-қожалақ боп, үй ішінің тазалығына мән бере бермейтін  әйел кісі.  

Міне осындай жеті сипаттағы әйел кісілерді өзіне әйелдікке алудан тартынған абзал екен.

Риуаяттарға қарағанда Сәих Урдуни (Йорданиялық саяхатшы) есімді кісі Илияс пайғамбарды жолықтырып, онымен жолдас болыпты. Сонда Илияс ғалейһиссәләм оған үйленуді кеңес етіпті. Үйлену – қайырлы, үйленбей сұр бойдақ боп жүргеннің жөнсіз екенін түсіндіріпті. Кейін Илияс пайғамбар оған: «Төрт түрлі әйелге үйленбе» деп ақылын айтыпты. Олар келесідегідей:

  • Себепсіз үнемі талақ сұрап отыратын әйел. Жалпақ тілмен айтқанда "қит етсе ажырасайық" деп отыратын әйел.
  • Бақталас. Не нәрседе де өзге әйелдермен бақталасып отыратын әйел.
  • Жеңіл жүрісті әйел.
  • Күйеуін тыңдамайтын әйел. Күйеуін менсінбейтін, өзін одан артық санайтын әйел, –деп осы төрт түрлі әйел затын жар етіп алудан тыйған екен[1].  

[1] Имам Ғазали: «Ихя улумиддән» - Әдәбун-Никәх.

материал Имам Ғазалидің «Ихия улумид-дин»» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: