25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жүктіліктен сақтану жайында шариғат не дейді?

Жүктіліктен сақтану жайында шариғат не дейді?

Исламдағы отбасы
Жарнама

Әйел кісі ерінің рұқсатымен жүктіліктің алдын алу жолдарының бірін қолдануына рұқсат.

Сондай-ақ ері де әйелінің рұқсатымен жатырға ұрық жібермеу тәсілдерін қолдануына болады. Бұның шариғатқа терістігі жоқ[1]. Бірақ, бұны уақытша жасалып жатқан дүние ретінде қабылдап, Алла жазса, болашақта дүниеге тағы да ұрпақ әкелу ниеті көкейде жүргені дұрыс. Өйткені, балалы үй базар демекші, Пайғамбарымыз (с.а.у) бір асыл сөзінде: «Күйеуін жақсы көретін әрі бала көтеретін әйелге үйленіңдер. Мен сендердің көп болғандарыңмен мақтанамын»[2], – дей отырып отбасы құрудағы басты мақсаттардың бірі заңды жолмен дүниеге ұрпақ алып келу екенін білдіруде. Сондықтан, шамасы келіп, қауқары жететін ерлі-зайыптылар бала туудан қашпағаны жөн.  

 

[1] Фәтәуаль Исләмия мин Дариль Ифта, 445-бет.
[2] Әбу Дәуід, Китабун Никах, 2050-хадис. 

материал «Заман тудырған сұрақтар» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: