25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Болашағын балгерге болжатқан адамның жазасы қандай?

Болашағын балгерге болжатқан адамның жазасы қандай?

Күдікпен күрес
Жарнама

Бақсыға барып болашақ болжау, балгерге бал аштыру адамды бақытты етпейді, оған жақсылық әкелмейді. Ал, болашағын болжатқан, яғни балгерге барып, келешегімде не болады деп сұраған адамның жазасы қандай болмақ?

Алланың ашуын келтіріп, пендені күнәға батыратыны сөзсіз. Сондықтан, адамның тағдыры Алланың жазғанымен болатынын кәміл сену керек. Кімнің басына қандай да бір қиыншылық түссе, жәрдемді әлемдердің Раббысы Алладан сұраған дұрыс. Біз құлшылық-ғибадатымызды, тілек-дұғаларымызды тек Аллаға ғана жасауға тиістіміз. Басымызға қандай да бір сынақтар келгенде бірден бақсы-балгерге жүгірмей, рахат пен қиыншылық, жақсылық пен жамандық, денсаулық пен ауру кезімізде тек бір Алланы еске алғанымыз жөн. Өйткені Алла Тағала «Рағд» сүресінің 28-аятында: «Расында, Алланы еске алумен ғана жүректер тыныштық табады» – деп, жүректегі тыныштықтың, бақытты өмірдің кілті Алланы еске алу, дұға жасап және ғибадат етумен болатынын сүйіншілеген.

Бақсылардың әрекеті дұрыс болмаған жағдайда Ислам дінінде оларға қандай жаза қолданылады? Ислам дінінде бақсы-балгер және оларға барып келешегін сұрап барған адам күнәһар болып саналады. Хадисте «Кімде-кім көріпкелге баратын болса, айтқаны рас, дұрыс айтады дейтін болса, онда ол адам Алланың пайғамбары Мұхаммед келтірген дінге қарсы шықты» (Ахмад) – делінген.

Басқа бір хадисте «Кімде-кім балгерге барып, одан бірдеңе жайлы сұраса және сол естігеніне сенетін болса, оның дұғасы, қырық күн бойы намазы қабыл етілмейді» (Муслим, Ахмад) – деп қатаң ескертілген. Бал ашқан адам ғайыпты айтамын деп Алланың әміріне қарсы шығып, тіпті діннен шығып кетуі де мүмкін. Кейбірі емші, балгерлерді қасиетті адам деп есептейді, сөйтіп шатасып, адасады. Аллаға емес адамға табынып кетеді. Сондықтан, күнәнің ауыр-жеңіліне қарай Алла оларды қалағанынша не азаптайды, не Мейірім, Рақым сипатымен кешіреді.

материал «Қазіргі сенім мәселелері» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: