25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әл-Фарабидың «Әбу Насыр» атану себебі

Әл-Фарабидың «Әбу Насыр» атану себебі

Ұлы тұлғалар
Жарнама

Фарабидің толық аты-жөні – Әбу Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлағ әл-Фараби ат Түрки. “Ат-Түрки” – тегінің түркі екенін, “әл-Фараби” – Фараб қаласынан шыққандығын білдіреді.

Өзінің азан шақырып қойған аты – Мұхаммед, әкесінің де аты – Мұхаммед, атасының аты – Тархан, бабасы – Ұзлағ. Кейде оны “Тархани” деп те атаған.

Әл-Фараби дәулетті отбасында дүниеге келген. Кей деректерде руының қаңлы-қыпшақ екені де айтылады. Ал әкесі әскербасы болған көрінеді. “Тархан” атауы да содан берілсе керек. Әскери отбасында дүниеге келген соң ба, әл-Фараби туралы еңбектерде оның ержүрек, батыр болғаны, жебені жақсы тартқаны, нысанаға дөп тиетіні айтылады. Соған қарағанда, әл-Фараби тек ғылым-біліммен айналысып қоймай, сол кездегі түркілерге тән соғыс өнерін де жақсы меңгерген болуы керек. 

Әл-Фарабидің “Әбу Насыр” атануын ғалымдар екі себеппен байланыстырады. Бізге жеткен деректерде оның отбасы болған-болмағаны айтылмаған. Ал “әбу” сөзі “әкесі” дегенді білдіреді. Яғни, әл-Фарабидің Насыр деген ұлы болып, содан ғалым “Әбу Насыр” деген лақап атпен аталған болуы мүмкін. Ғалымдардың тағы бір тобы “әбу” сөзінің астарынан басқа мағына іздейді. Мұны арабтар құрмет ретінде қолданатынын айтады. Әшірбек Мүминов: “Әбуден басталатын есім – арабтарда қосымша, құрметтеуден туған есім. Ұстазды, құрметті адамды шығыста өзінің жеке атымен ешуақытта атамайды, құрметті есімімен атайды. Кейде тұңғыш баласының есімін қосып, болмаса ерекше белгісі мен қасиетіне орай берілген есімімен атайды. Насыр “жәрдем”деген мағына береді, яғни Әбу Насыр “жәрдемші”деген сөз. Ел басшысы, көбінесе, әскербасы болған, терең білімі болмаған. Фараби ел билеушінің қасында білімімен жәрдем ететін болған”, – дейді.

материал «Тұлғалар өміріндегі Ислам» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: