21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

«Кіндік шеше» ұғымын кірлетіп алмайық

«Кіндік шеше» ұғымын кірлетіп алмайық

Дәстүр даналығы
Жарнама

Қазақ халқында кіндік шеше деген ерекше орыны бар, өте қадірлі тұлға саналған. Баланың туған анасынан кейінгі құрметпен қарайтын, өзегі жарыла өзімсінетін жақыны – кіндік шеше. Келіннің бойына бала бітіп, «ақ алғысты» болған кезден бастап, ене болашақ немересіне лайықты кіндік шешені іштей саралай бастайды.

Ол аралықта: «Мен болам», - деп өз тарапынан қолқа салушылар мен таласушылар да көбейеді. Солардың арасынан пейілі түскен адамды ене өзі таңдайды. «Пәленшенің мінезі биязы, үнемі жайдары жүреді», «түгеншенің жүріс-тұрысы салмақты, істеген ісі берекелі» деген секілді кісінің жақсы қасиеттерін жинақтай келе кіндік шешені алдын ала белгілейді. «Екеуміз де ниетімізге жетейік, келініме бас-көз бол», - деп келін енесі көңілі қалаған әйелге ризашылығын білдіреді. Бұл – үлкен сенім әрі мәртебе. Өзін кіндік шешелікке жараймын деп жауапкершілікті көтеруге шынайы ниет еткен әйел келіншек пен күйеуін үйіне арнап шақырып, кәделі тамақ береді. Сол күннен бастап аралас-құраластары жиілеп, екі үйдің арасында әдемі қарым-қатынас басталып кетеді екен.

Болашақ кіндік шеше эрбір сәтті пайдаланып келіннің үй шаруасына қолғабыс етіп, оның шаршамауын қадағалайды. Бойын күтуді, қалай жүріп-тұруды, қалай тамақтану керектігіне дейін ұқтырып, іште жатқан шақалаққа әу бастан-ак қамқорлығын жасайды. Енесі ашық айта алмайтын жайларды түсіндіріп дегендей, бір сөзбен айтқанда, ана болуға дайындайды. Олар бұрыннан жинақталған тәжірибелерге сүйене отырып, «ай толғақ», «апта толғақ» дейтін хабаршы толғақтардың күнін санап, келіннің қай кезде босанатынын алдын ала есептеген. Соған орай үйді, төсек-орынды кіршіксіз тазартып, арасында арша, адыраспан түтіндетіп, отбасын залалсыздандырады. Сонымен бірге туыт жеңіл болсын деп күнде келіншектің құймышағынан бастап көкжелкесіне дейін қойдың құйрықмайымен сылап, қол батыра уқалайды. Салқын тиіп желдеп қалмауын ықтияттайды. Міне, осы секілді жұмыстардың талайын болашақ кіндік шеше атқарады. Өйткені жас келін аман-есен көз жарып, қол-аяғын бауырына алса, «кіндік шешенің ниеті қабыл болды, қолы жеңіл екен» дейтін абыройға ие болып, көңіл аясы көтеріліп жатады екен. Кіндік шешенің жүмысы мүнымен бітпейді, енді жас босанған ана мен нәрестенің күтіміне көмектеседі. Тұңғышын өмірге әкелген келіншек жаңа өміріне жаттыққанша, белі бекігенше қолын суға салғызбай кір-қоңын жуып, баланы шомылдыру, сылау, құндақтау, жаялық-жөргектерді таза ұстау секілді, бір қарағанда ұсақ-түйектей көрінетін, бірақ өте қажетті шаруалардың барлығын дерлік кіндік шеше мойынына алған. Баланың ең алғашқы киімі – «итжейдені» тігіп әкелу де тікелей оның міндеті болған. Баланың былайғы өмірінде сол жанашырлық, мейірім-ықылас кіндік шеше тарапынан толастамайды. Сәбиге қатысты өткізілетін шілдеханадан бастап, үйлену не ұзатылу тойына дейінгі барлық шаралардың басы-қасында жүреді. Оны айтасыз, өзі түгіл бүкіл отбасы мүшелерінің барлығы кіндік балаға айрықша бауырмалдықпен қарап қадірлеген.

Баланың ата-анасымен қатар кіндік шешеге көрсетілер кұрметтің орыны бөлек болыпты. Қыз үзатып, келін түсіріп, екі ел құдандалы болып жатқанда да ата-анамен бірге аты аталып, төрден орын берілген. Кейін бала ат жалын тартып мінер азаматтыққа жеткенде кіндік шешенің еңбегін ақтап, іздеп-сұрап, сый-сияпатын жасай жүруді өзіне парыз санапты. Ұзатылып кеткен қыздар төркіндеп келгенде арнайы тарту-таралғысымен кіндік апасының алдынан өтіп, ақ батасын алады. Мұның өзі береке-бірлікке, ынтымақ-татулыққа көпір болып жалғасып жатады екен. Қазақ халқы: «Бала кіндік шешеге тартады», - деп тегін айтпаған. Мұны қазір ғылым да қостайды. Өйткені жарық дүниеге шыр етіп түскен сәбидің пәк тәнін ұстап, кіндігін кесу аркылы әрбір адамның бойында эртүрлі деңгейде болатын биоөріс, жаратылысындағы тектік касиеттер белгілі бір мөлшерде балаға беріледі. Сондықтан баланың өз жақындарына үқсамайтын кейбір мінездерінің кіндік шешеге тартатыны анық. «Ой, бүл пәленшенің кіндік баласы ғой, мінезі содан аумай қалған» деген сөзді бұрындары жиі естуші едік. Осы жерде сәл ойланып, зерделеп көрейікші, жетпіс жыл бойы бүл қазақтың кіндігін кім кеспеді дейсіз?! ¥лттық қадір-қасиет, ұлттық болмысымыздың жүтаң тартып, басқа бағытқа қарай ауыңқырап кеткенінің бір түйіні осында жатқан жоқ па? Қалай десеңіз де, бұл ой негізсіз емес. Кеңес өкіметі дэуірлеп түрған кезде «кіндік шеше» деген ұғымның қазақ ғұрпындағы негізгі мән-мағынасы көмескіленіп, өзінің бастапқы ерекше де қадірлі орнынан айырылып еді. Рас, сол заманда да «кіндік шеше» атауын иеленгендер болды. Алайда олар кіндік кеспей-ақ сырттай сайланғандар, яғни сэби өмірге келген соң жаялық-жөргегін алып, гүлі мен тәттісін көтеріп барып перзентханадан ана мен баланы үйге шығарып әкелушілер. Бұлар шілдехана, қырқынан шығаруда қүрметті қонақ болып, бала каратабан болмай жатып «кіндіккесер» сыйын алып дегендей, екі жағы да міндеттерін өтегендей мәз-мейрам болып жататын.

Әйтеуір, қалай болғанда да, ниеттері жақсы. Ал нағыз кіндік кесушілер – басқа, көпшілігіміз оларды түстеп танымаймыз. Өйткені ананың босану сәті қай дәрігердің кезекшілік уақытына сай келсе, кіндікті сол кеседі. Қалай ма, қаламай ма, жалақы алып отырған қызметі болғандықтан өзінің тікелей кәсіби міндетін атқарады. Бұл олардың жаттыққан дағдылы жұмыстары. Кімнің кіндігін кесіп жатқаны олар үшін маңызды емес, ең бастысы, ана мен баланың амандығына жауапты жандар. Сол бір кезде ауылды қайдам, қалалы жерде, әсіресе Алма- тыда перзентханалардың дәрігерлері мен медбикелері, тіпті әлгі «нянка» дегеніне дейін орыс ұлтының өкілдері еді. Басқаны айтып қайтейін, өз ұлымның кіндігін солардың біреуі кесті. Ол Иванова ма, Петрова ма, білмеймін, тек аман-сау босанғаныма қуанып, риза болдым. Осы күндері баламның бойынан әулетімізде жоқ кейбір мінезді байқағанда кіндігін кескен адамды бірден есіме аламын, бірақ көзіме оның бет-бейнесін, кескін-келбетін елестете алмаймын. Орайы келіп түрғанда айта кетейін, өз баламның кіндік шешесі белгісіз болғандықтан енді көптен күткен немеремнің болашақ кіндік шешесі жайлы көп толғандым. Қайтсем екен деп әр ойдың басын бір шалып шешімін таба алмай жүргенімде анық болған бір тосын әңгімені естідім. Танысымыздың келіні босанғанда келіншектің күйеуі туыт бөлмесіне бірге кіріп, бүкіл толғақ барысын, нәрестенің өмірге келу сәтін түгел видеокамераға түсіріпті. «Астапыралла! Естімеген елде көп деген осы екен-ау!» - деп қазақ жігітінің мына қылығын ер-азаматқа ерсі тексіздік көріп қынжылдым. Алайда «егер еркек адам әйел босанатын жерге камерамен емін-еркін кіретін болса, неге өзім қалаған әйелге медициналық бетперде мен халат кигізіп апармаймын? Дәрігер өзінің кәсіби міндетін атқарса, ал кіндік шеніе баланың кіндігін кессе...» деген ойға келдім. Осы ниетімді жақсы таныс акушерге айтып едім: - Туыт бөлмесіне дәрігерлерден басқа адам кіруге болмайды, - деп басын шайқады.

- Ойбай-ау, ана жігіт камерамен тайраңдап қалай кірген? - деймін ғой баяғы қарсы дау айтып. - Білмеймін. Олай болуы мүмкін емес, - деп ат-тонын ала қашты. Мейлі ғой. Ол білмесе, мен білемін. Жүрмейтін жері жоқ, кірмейтін қуысы жоқ «ақша» деген бедерлі қағаздың күшімен кірген. Сонымен, не дейсіз, бір күні белді бекем буып, айтар сөзімді жұптап, дәлелдерімді нақтылап перзентханаға келдім. Ондағы мақсатым – болашақ кіндік шешені өзім әкелуіме бола ма, болмай ма, соның мән-жайын білмекшімін. Егер сәті түсіп ойым орындалып жатса, әлі өзім тоқтала қоймаған, бірақ көңілімдегі бірнеше адамның ішінен біреуін таңдап, ниет-тілегімді айтпақшы едім, Сөйтіп, әйелдер босанатын бөлімді басқаратын адамның кабинетіне бас сұқтым. Бір жақсы жері ол келіншек қайсыбір бастықтар секіл- ді сызқабақтанып салқын қарсы алмай: «О-о, апай, қош келіпсіз!» - деп орнынан ұшып түрып қарсы алды. Құдайдың құдіреті, ол ә дегеннен көзіме жарқ етіп ыстық көрінді. Оның бойынан адамды өзіне тартатын бір тылсым шуақ таралып жатқандай әсерде болдым. Үнемі аналардың өмірге сәби әкелу сәтінде шарапаты тиіп, жаңа туған балаңьз күнәсіз таза тәнінен берілетін ғажайып қуатынан ылғи әсер алғандықтан ба, маңдайы жарқырап, жанары жайнап тұр екен. Шынымды айтсам, бірден «ғашық» болдым да калдым. Айтамын деп келген айшықты сөздерім жайына қалды да: - Айналайын, бізде бар-жоғы бір тал үл, бір келін. Тұңғыш немеремнің өмірге келуін күтіп жүрмін. Келінімді қамқорлығыңа алып, бізге кіндік шеше болшы, - деп сөзімді созып ширатылмай, өтінішімді төтесінен айтып салдым. Ол алғашында біртүрлі абдырап қалғандай болды. Әнтек үзілістен кейін: - Апай, ана мен баланың қауіпсіз болуын қолымыздан келгенше қамтамасыз етіп, қызмет істеу – біздің ең үлкен борышымыз. Ал бүкіл қазаққа белгілі шаңырақтың келініне бас-көз болып, аман-сау босандырып, «кіндік шеше» атансам, мен үшін зор мэртебе ғой, - деп ризашылығын білдірді.

Бұл әңгіме 1998 жылы желтоқсанның 3-і күні болып еді. Ол содан бастап келінімді қадағалап, денсаулығын бақылап, дәрігерлік ақыл-кеңестерін беріп жанашырлықпен алдағы күнге дайындады. Иә, әр нәрсе өз уақытымен деген, Алланың рақымымен желтоқсанның 22 жұлдызында Анарым аман-есен көз жарып, өмірге балпанақтай ұл келді. Атаның туған күніне екі-ақ күн жетпей туған немереміз Бақытжан екеумізді «ата», «әже» атандырып, көңілімізді көк аспанға шарықтатып, марқайтып тастады. Мен қателеспеген екенмін, Ұлтай Дауылбекқызы азын көпке балап жүретін өте ақкөңіл, еңбекқор, айналасынан алғыс естіп жүретін ақеділ жан екен. Ол екі шаңырақтың қою араласуына дәнекер болып, өрісіміз кеңейе түсті. Ұлым мен келінім «Ұлтай мама» деп құрақ ұшып жақсы көрді. Тілі жаңа шыға бастаған немерем бір жолы ол келгенде: «Мэмэ Уля», - деп былдырлап қолын созып ентелегені бар. Содан бастап ол «мама Уля» атанып кетті. Кейін екінші немеремді де қамқорлығына алып, Момышұлы әулетіне қосқабат кіндік шеше болды. Біздің үйдің барлық қуанышы мен қайғысына ортақтасып, үнемі қасымыздан табылып жүргендіктен оны туған-туысқан, жекжат-жұрат, дос-жаран түгел таниды. Танып қана қоймай, біреуі «кіндік апа» деп, біреуі «кіндік әпке» деп атап, сыйлап тұрады. Мұндай сый-құрметтің тамыры ұлтымызға тән қазақи болмысымыздың, ықылас пен пейілімізден басталып, осылай нәр алып жатқан болса керек.

материал «Күретамыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: