21
Сенбі,
Қыркүйек

һижри

Қазақы тыйымдар: Тізеңді құшақтама

Қазақы тыйымдар: Тізеңді құшақтама

Дәстүр даналығы
Жарнама

Халық арасында жамандық шақырушы әдеттердің бірі – отырған кезде тізе құшақтау болып табылады.

Неліктен тізе құшақтауға тиым салынғанын сұрастырған кезде, адамдар әдетте қысқаша «жаман болады» деген жауап қайырады. Бұл қазақтың салтында «жалғыз қалудың белгісі» ретінде кең танылған, бала тәрбиесінде көп қолданылатын тиымдарының бірі.

Пенденің басынан не өтпейді дейсіз, әртүрлі себептермен отбасынан, үй-жайынан не жанашыр жақындарынан айырылған адамды қазақтар: "Байқұс-ай, қу тізесін құшақтап қалды-ау!" - деп аяп жатады.

Сүйенер-сүйкенерінен, көңіл жұбатарынан жұрдай болмасын деп, басына қасірет бұлты төнбесін деп, жайшылықта тізе құшақтауды жамандық белгісіндей көріп, тыйым салған. Оның бер жағында тізе құшақтап бүрісіп отыру көрер көзге сүйкімсіз көрініс қой.

материал «Күретамыр» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: