24
Жұма,
Қаңтар

һижри

Жүрегіңді қабірге айналдырма

Жүрегіңді қабірге айналдырма

Ислам тарихы

Қабір – өлген адамдар үшін. Жүрек – тірі адамдардың жан ұясы.

Кейбір адамдардың тірі жүрегі өлі рухтарға қабір боп жүргенін көріп, жаным ашиды.

Не үшін өмір сүру керектігін білмейді және білгісі келмейді. Жақсылық жасап рухын оятуға шамасы жете тұра, ғапылдықты таңдайды. Ондай адамды қалай тірі дерсің?

Сыртқы қалыбы – бұлшықетінің тірі тұрғаны кімге керек? Адамның нәпсімен күресі басы жербесікке кіргенше толастамайды.

Жүректің ішінде екі әскер: біріншісі, тәкаппарлық, мақтансүйгіштік, көрсеқызарлық, қызғаныш, ғапылдық, сараңдық; екіншісі, мейірім, көркем мінез, сабырлық, ақылды тура жолға қолдану, кішіпейілдік, жомарттық – ылғи күреседі.

Бірінші әскер рухыңды өлтіруге, екінші әскер тірілтуге ұмтылады. Екеуіне де күш беретін – сенсің. Қай жағына жақтассаң, сол жағы жеңеді. Былайша айтқанда, өзіңді өлтіретін де, тірілтетін де – өзіңсің...

материал «Жүрек тыныштығы» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: