Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына сәйкес «Уақып» қорын дамыту мақсатында әртүрлі сала мамандарымен кездесу» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.
Іс-шарада «Уақып» корпоративтік қайырымдылық қорының директоры Азамат Әбдікерімұлы «Уақып корының жұмыс жоспары» және «Уақып презентациясы» тақырыбында қордың мақсаты мен алдағы уақытта жасалатын жұмыстарын қатысушыларға таныстырды.
«Уақып» қорының Алматы қалалық ақылдастар алқасы ретінде шақырылған уақыптанушы докторанттар, исламдық қаржыгер, заңгерлер, қаржылық талдаушылар, кәсіпкерлер, коучерлер, психолог, медия, менджмент және маркетинг мамандары, блогерлер сынды түрлі салада жетістікке жете білген мамандар «Уақып» қорының даму жолында ой-пікірлерін бөлісіп, өз саласы бойынша қор жұмысына мейлінше үлес қосатынын жеткізді.