Бір шәкірт ұстазына келсе, ол жалғыз өзі жылап отыр екен. Шәкірті де оған ілесе жылайды. Сөйтіп екеуі қосыла жылап біраз уақыт отырады.
Бір уақытта ұстазы жылағанын доғара қояды да, шәкіртіне қарап:
– Менің жайым өзіме аян. Сенің жылағаныңа таңғалып отырмын. Сенікі шын жылау емес, еліктеп жылау. Бұлай себепсіз, беталды жылаушы болма. Көзіңнен бір тамшы жас шықса да жүрегіңнің түбінен шықсын. Шектен тыс еліктеу де жақсы әдет емес, - деді.
Әй, дәруіш, еліктеудің мысалы көлеңкеге ұқсайды. Отырсаң отырады, тұрсаң тұрады, жүрсең жүреді. Бірақ көлеңкеде жан болмайды. Сол сияқты шәкірті ұстазға шектен тыс еліктей берсе, өзінің мінезін жоғалтады. Еліктеп жасалған әрекет әдетке айналады, ақылды тұмшалайды. «Ұстазым осындай мезгілде жылап еді» деп шәкірттері ұстазынан көрген ісін шариғатқа айналдырып жіберуі де бек мүмкін.
материал Мәулана Румидың «Піл туралы талас» кітабынан алынды,
ummet.kz