21
Сейсенбі,
Қаңтар

һижри

Мына негіздерге бойсұнғанда жүрегің тынышталады

Мына негіздерге бойсұнғанда жүрегің тынышталады

Ислам тарихы

Жүректің жандылығын қорғап, рухани жоғарылай білу Алла назар салатын жер жүректің сәлеметке жеткеніне байланысты. Бұл мына негіздерге бойсұнғанда ғана іске асады:

1. Рызықтың адал болуына назар аудару.

2. Құл мен мақлұқат ақысын жемеу.

3. Үнемі истиғфар мен дұғада болу.

4. Құран Кәрім оқып, үкімдеріне бас ию.

5. Ғибадаттарды шын ықыласыпен, жан тәнімен орындау.

6. Тәфәккурде тереңдей отырып, әр нәрсе мен әр жерде иләһи құдірет пен ұлылықтың нақыштарын көре білу.

7. Түнгі уақытын құлшылықпен өткізу. Түніміз қаншалықты рухани жарық болса, күндізіміз де соншалықты жарық болады. Таңсәрі кездері – ең қымбат сәттер. Ол уақытты зая кетіру рухани тұрғыдан үлкен зиян болып табылады. 

8. Зікір мен мұрақабаны (Алланың көріп тұрғанын жүйелі түрде ойлау) үздіксіз жалғастыру.

9. Өлімді жүйелі түрде еске алу.

10. Салих және садық/адал адамға жақын болып, пасық, күнәһар адамдардан аулақ болу. 

11. Ғылымымен амал еткен ғалымдар мен ариф/Аллаһты жақсы білуші жандардың сұхбаттарынан қалмау.

12. Инфәқ жасап тұру. Яғни өз мүмкіншіліктерін басқалармен бөлісе білу.

Қорыта айтқанда, адамды тәрбиелеп, өсіретін тәлімгер, ұстаз, мұғалім сияқты қызмет адамдарының алдымен өз көңіл әлемдерін қамқорлықтың арнасына айналдырулары керек. Көңіл әлемі қамқорлықтың арнасы мен ортасына айналмаған адамдардың жағдайы іргетасы құйылмаған зәулім ғимаратқа ұқсайды. Ол қайткенде бір уақыттан соң құлайды. Ал жүрегін күллі мақлұқатқа айқара ашып, құшақ жая қарсы ала білген жандар Абай, Шәкәрім, Мәшһур Жүсіп, Ыбырай Алтынсарин, Баһаүддин Нақшыбәнди, Хазіреті Мәуланамен Юнус Әмре және олар сияқты Хақ достары тәрізді фәни өмірлерінен кейін де қияметке дейін адамдардың жүрегінде, есінде өмір сүре береді. Мектептеріндегі мағрифатұллаһ пен махаббатуллаһ дәрістері үздіксіз жалғаса береді.

материал «Рухани шыңның ұлы сатысы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: