25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Назиғат сүресі [26 – 30 аяттар]

Бір аят тәпсірі
Жарнама

26

إِنَّ فِي ذَٰلِكَ لَعِبْرَةً لِّمَن يَخْشَىٰ

Расында мұнда қорыққан кісі үшін әлбетте бір ғибрат бар.

Шын мәнінде перғауынның жазалануында Алла Тағаладан қорқатын жан үшін ғибрат болмақ.

27

أَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقًا أَمِ السَّمَاءُ ۚ بَنَاهَا

Сендерді жарату қиын ба немесе аспанды ма? Алла оны да жасады.

Ақыретті жоққа шығарушыларға: «Сендерді жарату қиын ба, әлде құрылысы бекем аспанды жарату ма?»–деп ескертуде.

28

رَفَعَ سَمْكَهَا فَسَوَّاهَا

Оның биіктігін көтеріп, оны теңестірді.

Аспанды жоғары да биік етті. Аспанның жан-жағы тең етілді. Ибн Касирде: «Шатырын биік, айналасын тең ешбір тесік және кемшіліксіз тіреуішсіз жаратты. Түнде жұлдыздырмен безендірді,»–делінген.

29

وَأَغْطَشَ لَيْلَهَا وَأَخْرَجَ ضُحَاهَا

Оның түнін қаранғылатып, күндізін жарыққа шығарды.

30

وَالْأَرْضَ بَعْدَ ذَٰلِكَ دَحَاهَا

Мұнан соң жерді төседі.

Аспанды бекем еткен соң жерді жаратты. Жерді домалақтығына қарамай адам баласына өмір сүруін оңай етіп төсеп жайды.

 

 

 «Тәпсір тұнығы» кітабынан алынған

 

Бөлісу: