26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өмірді өзгерткен сәт

Ғибратнама
Жарнама

 Колледжде бірінші курста оқитынмын... Жолда курстас досымның біреуін оқудан үйіне қайтып бара жатқанын көрдім. Есімі – Роберт еді.

Ол барлық кітаптарын қолтығына қысып алып, үйіне қарай тартып барады. Оны көріп, ішімнен мынау курста тұратын кітаптарының бәрін алып бара жатқаны несі? Жынданған шығар деп ойладым.

Ал мен апта соңында болатын футболға асығып тұрған едім. Алаңға қарай кетіп бара жатқанымда ұзақтан бір топ балалардың жүгіріп келе жатқанын көрдім. Олар топырлап келген күйі Робертті қағып, құшағындағы барлық кітабын шашып кетті. Роберт те жерге омақаса құлады.

Көзілдірігі де жолдың шетіне ұшып кетті де жеп сипалап қалды. Басын әрең көтеріп отырғанда, жүзінен аянышты халді сездім.

Қатты жаным ашып, қасына жүгіріп бардым. Көзілдірігін іздеп жатқанда көзі жасқа толғанын көрдім. Көзілдірігін алып бердім де «өкпелеме, ондай тентектерге жарайма» деп жұбатқан болдым.

«Рахмет саған» деді де, маған ризашылығын білдірді. Шашылып жатқан кітаптарын жинап, қай жерде тұратынын сұрадым. Ол менің көршім болып шықты. «Мен сені бұрындары қалай көрмегем», деп сұрағанымда, ол алдын арнайы колледжде оқығандығын сосын біздің оқу орнына ауысып келгендігін айтты. Сол күннен бастап екеуміз жақсы таныс болып кеттік.

Оны футболға шақырғанымда сөзімді жерге тастамай келісімін берді. Достарым да оны жақсы көріп қалды.

Дүйсенбі күні сабаққа бара жатқанымда құшағына кітапты толтырып алып кетіп бара жатқанын көрдім. «Ей, бауырым – ау! Сен бұларды ары-бері тасып жүріп, ауру табасың ғой» дегенімде күлімсіреп қойды да жартысын маған ұстатты.

Соңғы төрт жылда бірге жүріп, екеуміз ажырамас дос болып кеттік. Колледжді бітіретін жылы университетке түсуге талпына бастадық. Роберт Нью Иоркқа, мен Техасқа баратын болдық. Екеуміздің арамызды жолдың қашықтығы ажыратқанымен айнымас дос болып қала беретіндігімізді екеуміз де жақсы білетін едік.

Ол арманы дәрігер болу болса, менің арманым кәсіпкер болу еді. Роберт оқу орнындағы үздіктердің қатарында болатын. Мен оны өзіме мақтаныш тұтатынмын.

Бітіру кешінде жетекшіміз Робертке жақсылап тұрып тілегіңді айт деді. Роберт ол күні ерекше құлпырып, көңілді жүрді.

 Қыздардың көзінің бәрі Робертте. Қызғанбадым десем өтірік болар. Қасына барып, сөз жәрдем беріп:

- Қане, жігітім! Сөздің майын тамызып тұрып, сөйлеп жібер, - дедім.

- Рахмет! – деп жымиды.

Мінбеге шықты да, кішкене күрсініп алып, былай деп сөз бастады:

- Біз үшін осы бір кештің маңызы өте зор. Осы оқу орнында кездескен неше түрлі қиыншылықтардан сүріндірмей алып жүрген адамдардың барлығына алғысымызды білдіреміз. Ата-аналарымыз, мұғалімдеріміз бен жолдастарымыз... Бұл жолда жолдастарымыздың сіңірген еңбегі аз болған жоқ! Сіздерге осы бір мүмкіндікті пайдалана отырып жолдастықтың өте маңызды екенін айтқым келіп тұр.

Сіздерге басымнан өткен бір оқиғаны айтып берейін...

- Алғашқы танысқан күні деп айта бастағанда жан-жағымдағыларға таң қалып қарадым. Ол сол аптада өз-өзіне қол жұмсамақ болып жоспарлаған екен. Оның кітаптарының барлығын арқалап жүргендігі анам алып әуре болмасын дегені екен. Сөйлеп тұрып маған қарады да:

- Жарайсың! Мені өлімнен құтқардың. Мені райымнан қайтарды, - деді.

Мен бұл істің мұндай екенін білмеппін. Ата-анасы да маған рахмет дегендей күлімсіреп қарап қалыпты.

Қас қағым сәт болса да, оны азырқанбаңдар. Кішкене әрекеттің өзі адамның өмірін өзгертуге жетеді... Не жақсы не жаман!

Алла Тағала баршамызға бір-біріміздің өміріне әсер етерлік күш-қуат беріпті. Осы күшті адамдардың өмірінің жақсылық пен игілік жағына қарай бағытталуына қолданайық!

Бөлісу: