27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Өмірдің шындығы

Ғибратнама
Жарнама

Тақуа ғұмыр кешкен кісілердің бірі былай деп өсиет еткен екен:

«Әй, адамдар! Әрбір амалдарыңды ойлап барып істеңдер! Құдайдан қорқуды ешқашан естен шығарып алмаңдар! Дүниеуи шаруалардың шырмауында қалып, өлімді ұмытып кетпеңдер! Дүние сыланып-боянған, сыртқы әдемілігіне талайлар сұқтанған сұлу әйелге ұқсайды. Бірақ сол құмартушылар әлгі сайқалдың талай ер кісінің басын жалмағанын білмейді.

Бір күні айналаңдағылар сені меңзеп, «пәленшекең төсекке таңылыпты», «сырқаты қатты сияқты», «Дәрігер шақыртыпты» демей тұрып, ғапылдықтан ояныңдар! Дәрігер келгенмен, басын шайқап «беті бері қарауы қиын» дейді. Іле «сөйлеуден қалды», «таныс адамдармен тілдесе алмай жатыр», «көршілерін танымай жатыр» деседі.

Бұл уақытта маңдайыңнан тер бошалап, жан қиналысың үдей түседі. Ажалдың келгенін мойындап, көзіңді бір нүктеге қадайсың. Тілің күрмеліп, жақындарың қимай жылай бастайды.

«Мынау ұлың пәленше», «Мынау бауырың түгенше» деп, саған басыңда үйіріліп қарап тұрғандарды таныстырады. Бірақ бұл кезде көзің қарауытып, бар еркіңнен айырылып, оларға тіл қатуға дәрменің жетпейді. Артынша Құдайдың жарлығын орындаған періштемен бірге жаның көкке ұшып кетеді.

Сол сәт жақындарың жаназаңа дайындала бастайды. Өлікті жуып, кебіндейді. Жерді қазып, бір-бір күрек топырақ тастап, тар орынға көмеді. Бұдан кейін тіршілігінде сенімен басы араздар құтылғанына қуанады. Арттағылар мирасыңды бөліске салады. Сен тек амалдарыңмен ғана оңаша қаласың. 

"Тағылым таразысы"

Бөлісу: