Атақты сахабалардың бірі, Пайғамбар (с.а.у.) ілімін жалғастырушы Әбу Хурайра өзінің барлық өмірінде анасына үлкен инабаттылықпен, сүйіспеншілікпен қарайтын.
Әрқашан ол үйінен шығарда анасының бөлмесіне кірмей, есігінің жанына тоқтап:
- Анашым, саған тыныштық тілеймін. Аллаһ Тағаланың саған құрметі мен оның рақымы жаусын, – дейтін. Оған анасы:
- Саған да тыныштық тілеймін, ұлым. Аллаһ Тағаланың құрметін иелен, оның рақымы түссін, – деп жауап қайтаратын. Әбу Хурайра :
- Аллаһ Тағала саған, кішкентайдан мені өсіргеннің үшін рақымшылық берсін, – деп сөзін жалғастыратын Әбу Хурайра. Сонда анасы :
- Саған да Аллаһ Тағала маған деген қайырымдылығың үшін нұрын төксін, – дейтін анасы. Әр сапарының үйіне қайтып келгенде де Әбу Хурайра жүрек тербейтін осы сөздерді жиі қайталайтын болған.
Бөлісу: