27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жақсылық пен жамандық туралы өсиет әңгіме

Ғибратнама
Жарнама

Қарт ескі досымен шай ішіп отырып:

- Бөлме ішіне мұқият зер салып, қоңыр түсті заттарды есіңде сақта, - дейді.

Бөлме ішінде қоңыр түсті заттар өте көп еді. Бірақ досы бұл тапсырманы еш қиындықсыз орындайды. Сонда қарт оған:

- Енді көзіңді жұмып, көк түсті заттарды атап шық, - дейді.

Досы сасып қалып:

- Мен тек қоңыр түсті заттарға мән бердім. Көк түсті еш нәрсе байқамадым, - дейді.

Қарт:

- Енді көзіңді ашып, айналаңдағы көк түсті заттарға қара. Олар сен ойлағаннан да көп, - дейді.

Бұл шындық еді. Досы қатты таңырқаған сәтте қарт сөзін жалғап:

- Бөлмеден қоңыр түсті заттарды, яғни өмірден тек жамандықты іздей беретін болсаң, оларды міндетті түрде табасың. Олар өміріңнің бір бөлшегіне айналады. Сол себепті, тек жақсылыққа сен!

Расымен де, әлем біздің санамызда өмір сүреді. Мәселе қиындықта емес, сол қиындықты қалай қабылдайтындығымызда.

Бөлісу: