1994 жылдар Африка құрлығын мекен еткен талай халық үшін ауыр, аштықты азапты кезең еді. Осы жылдары американдық фотограф Кевин Картер аймақтағы ахуалды суретке түсіруге Африкаға аяқ басады. Кевин бір ауылға келіп жеткенде, ол аймақтың тұрғындары Біріккен ұлттар ұйымы таратып жатқан азық-түлікке кеткен болатын. Фотограф тыныштықты пайдаланып, ауыл көрінісінен еркін фотосессия жасауға кіріседі.
Осы сәт анасынан ажырап, аштықтан құр сүлдері қалған 4-5 жасар балаға көзі түседі. Ал бұл көріністің ауырлығы һәм суретшіні қызықтырғаны баланың арғы жағында сәбидің соңғы сағатын тосып отырған жыртқыш құста еді. Мұндай сан қилы көріністің куәсі болу жиі кездесе бермейтін сәт деп ұққан Кевин осы бейнені дереу суретте түсіріп ала қояды.
Өзі күткен көріністі көшіріп алғанын үлкен шығармашылық шың деп еліне қуана оралған Кевин Картер көп ұзамай бұл бейне үшін «Футзер» сыйлығына ие болады. «Жеңісті» жүлдесін дәмханада достарымен атап өтіп, кешкілік үйіне қайтады. Үйіне келіп, диванда жантая жатып, әлгі табысты шығармасына тағы бір көз тастайды. Осы сәт оның санасын өзге бір ұшқын шарпып өтеді. Өмірге өзгеше бір көзбен қарайды. Бұл жолы маңдайдағы жарқыраған көзімен емес, көкірек көзімен қараған ол «Мен осындай оқиғаның куәсі болғаныма неге басқалай қуана алмадым? Сәбидің өмірін сақтап қалуға маған мүмкіндік беріліпті ғой. Сол мүмкіндікті мен қай мақсатқа пайдаландым? Мен өзіме керекті дүниемді алдым, ал әлгі құс өзіне керегін алған болар. Жыртқыштың жемтігіне көзсіз тастап кете барғаным ба» деген ой жанын жегідей жейді. Осы ойлардан соң Кевин Картер ар алдындағы азаптан төзімі таусылып, есінен адасып, үш айдан кейін өзін-өзі асып өлтіреді.
Бөлісу: