25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құстың өзін қорғайтын не деген кемел шариғат

Құстың өзін қорғайтын не деген кемел шариғат

Ғибратнама
Жарнама

Ибн Масғуд былай дейді:

“Алла Елшісі кейбір шаруаларын атқаруға өзі кетіп, сахабаларын қалдырып кетеді. Сахабалар қасында екі балапанын еріткен бір құсты көріп қалады да, дереу екі балапанын ұстап алады. Байғұс құс жан ұшырып, екі балапанынан айырылып бәйек қағады.

Сол кезде Алла Елшісі келіп қалып: “Бұл байғұстың балапанын алып, оны азаптаған қайсысың, дереу балапанын қайтарыңдар!” дейді.

Құсекеш құстың өзін қорғайтын не деген мейірімді жүрек! Не деген кемел шариғат!

Махаббаттың шынайылығының дәлелі сүйгеніңнің ізінен еру. Еру сүйгеніңнің амалына сай амал етуді білдіреді. Ал кім сүйгенінің жолынан ілесуде әлсіздік танытса, оның махаббатында нұқсан болғаны. Сол секілді махаббатсыз істелген амал да шынайылықтың кемелдігін білдірмейді.

материал Аслан Орақбайдың «Компас» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: