18
Дүйсенбі,
Қараша

һижри

Арақты қайтем?

Ғибратнама
Жарнама

Абдурахман ибн Уәғлә әңгімелеуде:

Бір жолы Ибн Аббастан (р.а.) арақ саудасы жөнінде сұрадым. Ол өзі куә болған мына оқиғаны айтып берді:

Ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) бұрынырақта Сақиф немесе Дәуа тайпасынан бір ескі танысы бар еді. Меккені азат ету кезінде іздеп келіп, өзінше құрмет деп білсе керек, Расулаллаһқа (с.ғ.с.) арақ құйылған кесе ұсынды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұны көргенде:

«Ей, пәленше! Арақты Алла тағаланың харам еткендігін білмеуші ме едің?» – деп ұнатпаған сыңай танытты.

Ол сасып қалып, дереу ұлын шақырды да ақырын ғана: «Сен мына арақты ал да, базарға апарып сатып жібер», – деп тапсырды.

Бұны көріп тұрған Алла елшісі (с.ғ.с.): «Ей, пәленше! Ұлыңа не айттың?» – деп сұрады.

Әлгі кісі: «Арақты сатып жіберуін айттым» дегенде, Расулаллаһ (с.ғ.с.):

«Алла тағала арақты ішуге ғана емес, сатуға да тыйым салған», – деді де оған арақты сол жерге төгіп тастауын бұйырды.

 Құдайберді Бағашар

Бөлісу: