25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Басқа түскен бір ауыртпалық – мың насихаттан артық

Басқа түскен бір ауыртпалық – мың насихаттан артық

Ғибратнама
Жарнама

Құранда Алла Тағала: «Сендерді де, жасағандарыңды да жаратқан – Алла Тағала» дейді. Сондықтан күллі игілік пен жақсылықтардың Иесі – Сол.

Барлық мадақ пен шекіз марапаттаулар Соған ғана лайық. Ол қаламаса ешбір ғалым ғаламның кей тылсым-сырларын ашпақ тұрмақ, жалпылама түсініктен де жұрдай болар еді. Иә, нағыз мұсылманға жалғыз Жаратушыға сену лайық.

Бірде Халифа Омардың алдына бір жерге жіберген қолбасшысы жеңіспен оралып, қуанышпен кіреді. Қасында аласа бойлы біреу бар. Халифа Омар: «Бұл кім?» – деп сұрайды. Қолбасшы: «Бұл – менің оң қолым. Менің берген барлық тапсырмаларымды бұлжытпай орындады. Құпия хабарларымның бәрін айтқан жеріме қалтқысыз жеткізді. Тіпті кейде қалың қолға бергісіз істі жалғыз өзі жасады. Мен осының арқасында ғана жеңіске жеттім», – дейді. Осыдан кейін біраз уақыт өтіп, күндердің бір күнінде әлгі қолбасшы Халифаның алдына жеңіліске ұшырап ұнжырғасы төмен күйде кіреді. Халифа сұрады: «Әлгі оң қолың қайда?». Қолбасшы: «Несін сұрайсың, Омар? Ол мені сатып кетті, құрып кеткір! Майданда дұшпан жағына өтіп кетті», – дейді. Омар сонда: «Алла Тағаладан өзге ешкімге арқа сүйемеу керектігін өткенде айтпақшы болып оқталып едім. Бірақ әдейі үндемедім. Басқа түскен бір ауыртпалықтың – мың насихаттан артық екендігін ойладым», – дейді.

Иә, Мұхаммед пайғамбардың (с.а.с.) үмбеті – атам қазақ та «Аллаға сенген құстай ұшар, адамға сенген мұрттай ұшар» деп қандай тамаша айтқан!

материал «Пейішке жетелер пейіл» кітабынан алынды,

ummet.kz


Бөлісу: