25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

700 жыл өтсе де, құнын жоймаған насихат

700 жыл өтсе де, құнын жоймаған насихат

Ғибратнама
Жарнама

Төмендегі жазу – атақты ислам ғалымы Шейх Әдәб-Алидың насихаты. Бұл насихаттың жазылғанына арада аттай 700 жыл өтсе де әлі күнге ескірмегендігі, құнын жоймағандығы, одан бергі заман ағымына қарамастан, өміршең қалпын сақтауы, шындығында да, таңғаларлық жайт.

«Балам, таң қылаң бере туылып, кешкі азан оқылғанда өлетін адамдар болады. Ашуланғанда өзіңді баса біл! Бойыңдағы күш-қуатпен пен ақылыңды қалай өз жөнімен қолдану керектігін, ауыздағы сөзді де қашан, қай жерде, қалай айту керектігін білгейсің. Әйтпесе, бір күні жел соққандағы қалтыраған қауқарсыз жапырақ кейпіне түсерің анық.

Ешқашан ашуың мен нәпсің бір жақ боп ақылыңды жеңіп кетпесін. Ылғи да сабырлы, сөз бен ісіңе тұрақты бол, өз еркің өз қолыңда болсын. Сенің көзіңе басылғандай әлем соншалықты үлкен емес. Әлі де жасырын, әлі де жұмбақ дүниелер сенің парасаттылығың арқылы ашылатыны даусыз.

 Ата-анаңды құрметте! Үлкендер жүрген жерде берекеттің қатар жүретінін ұмытпа! Бұ дүниеде наным-сеніміңнен қол үзіп қалар болсаң, жап-жасыл болсаң да қурап, шөлге айналасың. Ақжарқын бол, ашық айт. Өзіңе қаратылған сөзді көңліңе ала берме. Көпбілемдікке салынба, әр көргеніңді айта берме.

Өзіңді жақсы көретін жерге көп барма, өзіңе деген сый-құрметтен айрыларсың. Үш кісіге жаның ашысын: Надандар арасындағы ғалымға, Байлығынан қол үзген кедейге, Құрметке ие болып жүріп абыройынан бір-ақ күнде айрылған пендеге.

Жоғарыдан орынға ие болғандардың жердегілер секілді алаңсыз отыра алмайтындығын ұмытпа! Ақ екенің рас болса, күресуден қорықпа!»

материал «Тағылым тамшылары» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: